Экология

Алты облыста ауа райы күрт бұзылады

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

30 қарашада Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Bugin.kz платформасы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облысында ауа райы бұзылады.
Атырау облысының кей жерінде жылдамдығы 15-20 секунд болатын жел оңтүстік-шығыстан соғуы мүмкін. 
Ақмола облысында тұман түсіп, бұрқасын болады. 
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда тұман түседі. 
Қызылорда облысында тұман түсіп, таңертең солтүстік-шығыстан және күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.