Bugin
Батыс Қазақстан облысында жантүгершілік жол апаты орын алды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБатыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қарашада Казталовка - Чапаево тасжолының 16-шақырымында болған.
"Волга" және "Лада Гранта" көліктері соқтығысуы салдарынан "Лада" жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Казталов аудандық орталық ауруханасына "Лада" көлігіндегі екі жолаушы мен "Волга" жүргізушісі жеткізілді", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасы 52 жастағы әйел мен екі ер адамның қайтыс болғанын, біреуі 40-50 жаста, екіншісі 1989 жылы туғанын хабарлады.
"Жол апаты болған жерден 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Оның қолының буыны шыққан. 27 жастағы әйелдің сүйектері сынған. Ол комада жатыр. Ал 69 жастағы ер адам жарақат алған және миы шайқалған", - деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөліскен мәлімдемеде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61