Спорт
Атақты футболист Марадонаның жеке дәрігерінің үстінен қылмыстық іс қозғалмақ
Аргентина прокуратурасы өткен аптада қаза болған футбол жұлдызы Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукенің Буэнос-Айрестегі үйі мен жеке клиникасына тінту жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы centralasian.org- ке сілтеме жасап.
Прокуратура атақты футболист жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды. Тергеу ісі Марадонаның қыздары Лукенің әрекеттеріне күмәнданғаннан кейін басталған.
Прокуратура соңғы күндері Марадонаға қандай медициналық жәрдем көрсетілген-көрсетілмегенін тексеріп жатыр. Өз кезегінде Луке Марадонаға барлық қажетті жәрдем берілгенін айтқан.
Аргентинаның футболдан құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлем чемпионы Диего Марадона өткен сәрсенбі күні 60 жасында қайтыс болды. Қараша айында миына операция жасалып, соңғы күндері үйінде ем қабылдап жүрген. Оның спорттағы шеберлігі жоғары бағаланып, әлемдегі ең атақты футболист атағын алған.