Денсаулық
Диетолог адамның көңіл-күйін түсіретін тағамдар жайлы айтты
Диетолог Елена Соломатина «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұхбатында адам көңіл-күйін түсіретін тағамдар жайлы айтты деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ең алдымен адамның эмоционалды күйіне қант әсер етеді екен.
«Ағзада қант мөлшері көбейген сайын, инсулин де көп бөліне бастайды. Қандағы глюкоза деңгейі өскен сайын, адам тез ашуланшақ бола бастайды. Көңіл-күйі түскен адамды көріп оның ағзасында қанттың жоғарылағандығын анықтауға болады»,- деп ескертті диетолог.
Ол мұндай өзгерісті кәмпитті, кондитерлік және жоғары сұрыпты ұннан жасалған өнімдерді жиі тұтынатын адамдардан байқауға болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, көңіл-күйді түсіретін тағамдардың құрамында транс майлар болатынын жеткізді.
"Бәліш, нан, тіпті маргарин де көңіл-күйді түсіруі мүмкін. Себебі олар жасуша мембранасы мен жүйке талшықтарын зақымдайды", - дейді маман.
Елена Соломатина энергетикалық сусындардан бас тартып, кофе ішуге кеңес берді. Ол энергетикалық сусындар адамға ұзақ әсер етпейтінін, әрі оны ішкен адам көңіл-күйі кенеттен түсіп, ұйқысы келуі мүмкін екенін айтты.