Денсаулық

Диета емес, хобби арқылы арықта

Тәтті, майлы әрі ұн өнімдерін аузыңызға апармас бұрын төмендегі істердің бірін жасап көріңіз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нәзік жандыларды уайымдататын актуалды мәселе - арықтау!

Артық салмақпен күресуде әуре-сарсаңға салынып, түрлі әдістерді пайдаланып жатқан қыз баласы қаншама. Соңғы кездері ер азаматтарды да жиі байқап жүрміз. Оның үстіне соңғы жылда орын алған әлемдегі ахуалға байланысты артық салмақпен күресушілердің саны артқан.

Қыз-келіншектер арықтауға шешім қабылдаған күннен бастап зиян өнімдерді үнемі өзінен алшақ ұстауға бекінетіні рас. Әрине, ойының бәрі тағамға ауып, өз "арманына" сатқындық жасайтындар осындамыз ба?! Ендеше сананы тағамнан алыстатар жалғыз жол - сендегі уақыттың тығыздығы мен атқарар жұмыстың көп болуы.

Бұл жазбада біз "бүгіннен бастап арықтаймын" деп келісімге келген аруларға арналған хобби түрлерімен бөлісеміз. 

Зиянды, тәтті, майлы, ұн өнімдерін аузыңызға апармас бұрын осы істердің біреуін жасап көріңіз.

1. Болашаққа хат. Қазір өзіңді қалай сезінесің? Қиялға жол бер! Жан төзбес азапты күйіңді ертеңгі сұлу әйелге хат ретінде жазып, сақта!

2. Гардероб реттеу. Бөлме ішін түрліше ауыстырып, аяқ-киімдерді тазалау;

3. Күтім. Бетіңе маска жағып, аяғыңды жылы суға салып, құлаққаппен ән тыңда. Ойыңа ерік бер;

4. Кітап оқы. Әңгіме жаз;

5. Гимнастикамен шұғылдан. Жаттығу, йога, би;

6. Жақын адамыңа қоңырау шал;

7. Мультфильм кейіпкерлеріндей ызалы "нашар" күлкілерді салып көр. Ақымақтық, алайда көңілің көтеріліп, жақсарып қалатының рас. Іске сәт;

8. Шарф, орамал тағып үйрен;

9. Көзіңді жұмып ыдыс жу. Күлкілі, бірақ пайдалы;

10. Неміс тіліндегі күлкілі сөздерді жатқа айтып үйрен;

11. Open Education тегін танымдық онлайн курстарына жазыл. Онда 344 бағыт түрлері қарастырылған;

12. 10 минут терезе алдында көше бойын тамашала. Сол уақыттың ішінде міндетті түрде бір қызық оқиға орын алады. Сен;

13. Ішкі әлем. Бір адамды кейіпкер етіп алып оның психологиясын зертте;

14. Душ қабылда;

15. Түрік қалаларын, мәдениетін зертте;

16. Естеліктер жаз, суретке түсір;

17. Арықтаған қыздардың суреттерін желіден іздеп дейін/кейін суреттерді қайталап көр. Бұл сенің бағытыңның дұрыс екендігін дәлелдейді;

18. Ән+би. Тіпті бар дауысыңмен құлаққапта ойнап тұрған әнді айт.

Керек болса жылап та ал! Тек арманыңнан бастартпа! Сен - сымбатты әйелсің!