МӘДЕНИЕТ
Сағыныш жыры
Ардақты да, аяулы атам менің,
Жазып тұр бүгін, міне, Шолпан қызың.
Сағынышпен, сағыммен өтті күнім,
Арнағым келеді сізге өлең жолын.
Ұмытпадым сіз жасаған жақсылықты,
Ұмытпаймын маған күлген жарық жүзді.
Айтушы едің "Бақытты бол, құлыным" деп
Өзіңсіз қандай бақыт жолығар кеп?!
Сағынамын ғой білемісің күн мен түні?
Аңсаймын ғой білемісің, мен өзіңді,
Ата, ата деген асқар тау,
Ата сөзінің өзі де жанды басып қояды-ау.
5 жыл өтті өзіңсіз
Жасқа толды көзіміз.
Кеше бақытты жан
Жүр ғой бүгін көңілсіз.
Өткен күн қайтпас енді
Өткен адам оралмас кері.
Қайтеміз, Өмір заңы солай деп
Аяқтайын соңғы сөзбен мен өлеңді.
Ата...
Мені естіп тұрсыз деп ойлайм(ын) анда
Демеу бере гөр, бере гөр бақыт мына қызыңа.
Жатқан жеріңіз жайлы болсын, сау бол ата...
Атаға деген сағыныш аясында жазылған өлең авторы: Түзелбай Ақшолпан.