Қазақстан жаңалықтары

Назарбаев: "Мен тіпті өз туыстарыма қатаңдық танытқанмын"

Жақында жарық көретін Елбасы жайлы деректі фильмнің алғашқы тизері шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасының пресс-хатшысы Айдос Үкібай өзінің Тwitter парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев жайлы жаңа деректі фильмнің тизерімен бөлісті деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

«Сен бір адамға 100% сенесің, өзіңе жақын тартып, үміт артасың, ал ол сенің артыңнан пышақ сұғады. Мұндай іс мен үшін – өте жиіркенішті. Сатқындықты мүлдем кешіре алмаймын. Мен тіпті өз туыстарыма қатаңдық танытқанмын»,- делінген үзіндіде.

Елбасының баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай «Штрихи к портрету» – бұл экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен іскерлік жолы туралы көбі біле бермейтін құпиялар ашылатын көп бөлімді деректі фильм.  Фильм эксклюзивті сұхбатқа негізделген.