Білім және ғылым

Тәжірибе дәптері: "Бір қателікті екінші рет қайталама!"

Бізге үлкендер өмір жайлы нені айтуды ұмытты? Бізге өмір сүруді үйрететін кім? Әрине ешкім, ешкім бізге өмір сүруді үйретпейді. Міндетті де емес.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қателік, сүріну, торығу, күйзеліс, ой қамауы, сана шуы... Иә, адам баласы қателікпен жүріп өседі, дамиды. Өшудің бір ғана жолы – қателігіңді қайталау, мойындамау, өсудің жалғыз таңдауы – қателікпен келген тәжірибеңді сақтап қалу! Ендеше өсу жолында тәжірибе дәптерінің әрбір адамда болғаны дұрыс.

Тәжірибе дәптерін қалай құрамыз? Не жазамыз?

Түрлі түстегі күнделік дәптерін сатып алу не қолыңыздан жасап шығару керек. Өз еркіңіз. Тек тәжірибе дәптері сізге ұнаса, қызығушылығыңызды оятса болғаны. Келесі қадам өткенге оралу. Иә, өткен өміріңізден сізге өкініш әкелетін сәттерді еске түсіріп, қателіктеріңізді дәптерге түсіресіз. Қайта дәл осы оқиға қайталанса сіз бұл қателікті қайталамауға, дұрыс жолды таңдауға автоматты түрде бейімделесіз. Айтпақшы, тәжірибе дәптеріңіздің алғашқы жолына "Менің өсу жолым – менің қателіктерім!" деп жазуды ұмытпағайсыз. Келесі қадам, күнделікті орын алған үлкенді-кішілі ағаттық істерді, адамдармен болған байланыстағы кінәраттарды тәжірибе дәптеріне міндетті түрде жазып қою шарт. Тіпті сіз жасамаған қателіктерді де дәптерге түсіруіңіз керек. Әр үш күн сайын "өсу дәптеріңізді" толықтай оқып шығуды әдетке айналдырыңыз. Өміріңді күнге арнама, күніңді өмірге арна. Қателесіп жүріп қателеспе, оқырман!

 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін