Әлеумет
Көңілің ауған қыздан айырылма!
Иә, көңіліңіз құлай берілген бұрымдының жүрегін жаулауға батылыңыз жетпесе, достарыңыздың ақылы сіз үшін қисынсыз көрінсе, Bugin.kz сізге көмекке келді.
Бізге дейін де, бізден кейін де тау шыңындағы қардай тап-таза, тәкәппар, намысты, текті қыз кімнің болса да арманына айналғаны һәм арманы болары ақиқат. Текті жігіттің де көзіне түсетіні "қолжетпес қазақ қызы". Ендеше, алғашқы таныстықтан кейінгі "сері сезім" қадамдарына ауысайық.
1. Гүлді жиі сыйлауға тырысыңыз. Әтір себініп, ыңғайлы киімде болғаныңыз жөн;
2. Мұз айдынында коньки тебу де бір-біріңізді жақынырақ тануға жол ашады. Тек махаббат айдынында сырғып, тайғанап кетпесеңіз болғаны!
3. Түнгі қаланы жаяу аралау. Түнгі тіршілігі бітпеген қалашықта жақынырақ әңгімелесу де р-романтика! Іске сәт.
4. Арнайы жылқы үстінде серуендеу. Бұл сіздерге сөзсіз ұнайды деп сенеміз;
5. Әуе шарымен ұшу. Бұл расында ерекше сыйлық. Тек, қызыңыздың биіктіктен қорықпайтындығын алдын-ала біліп алғаныңыз жөн. Романтикалық кешкі ас, сыйлық және әуе шарымен ұшу: есте қаларлық күн болатыны ақиқат.
7. Аспан астында жұлдыздарды тамашалау. Жұлдыздармен танысу - бұл өлмейтін классика.
8. Квест. Жауабы жоқ сұрақты бірге шешесіздер, бірге ойланасыздар. Қызықты уақыт өткізуге таптырмайтын мүмкіндік;
9. Боулингке бару. Жалықтырмас ойын!
10. Қарттар үйі мен балалар үйіне бірге бару, көмектесу.
11. Картинг клубы. Экстремалды ойын көлігі арқылы жарысып, ойыннан шыққаннан кейін алған әсеріңіз жайлы көтеріңкі көңіл-күйде әңгімелесетін боласыз.
12. Шатыр күні. Шатырдағы күнді көрдіңіз бе? Расында бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сезім. Бұл жерде сізге ешкім кедергі болмайды. Романтикалы төбеде кешкі ас ішіңіз. Ескертетін жайт, онда салқын болуы мүмкін.
13. Қарапайым көпір үстінде бірнеше уақытқа сырласу. Тұнып тұрған романтика. Кәдесый ретінде бірнеше суретке түскендеріңіз жөн.
14. Концерт. Оның сүйікті тобы не әншісі кім екенін біліп, концерт билеттерін алыңыз. Сүйіктіңіздің залдағы ең жақсы орындарға билет алғаныңызға реакциясы қандай болатынын елестетіп көріңіз.
15. Елге саяхат. Қаладан тыс сапар ұйымдастыруға тырысыңыз. Пойызда бірге отырып, ол қалаған жерге барыңыз. Саяхатшы болып көріңіздер
Бұл жалықпас ерекше күндерді ұйымдастыру өз қолыңызда. Тіпті мұнан да артық, ғажап кездесулерді іске асырғаныңыз құба-құп жөн болар еді. Ең бастысы сері сезіміңізге адал болыңыз, романтик сері!