Сұқбат
Өтепова Жазира мен Назира Зәру- Smmart school атты онлайн орталықтың негізін салушы кәсіпкерлер. Онлайн кәсіпті дөңгелетіп әкеткен қос ару алғашқы миллиондарын 22, бірі 23 жасында тапқан. Олардың кәсіптері бүгінде халыққа пайдалы білім беретін онлайн орталыққа айналған.
Олар инстаграмда онлайн орталық ашпас бұрын әртүрлі ірілі-ұсақты кәсіппен айналысқан. Назира Зәру 2017 жылға дейін киім дүкенін ашып, алғаш рет кәсіпке аяқ басыпты. Ал Өтепова Жазира кәсіп бастағанша салонда қызмет атқарған. Екеуінің қызығушылығы бір жерден шыққан соң, қос ару Smmart School-ды бірге ашуды ұйғарыпты.
Ешқандай кәсіп бастамас бұрын алғашқы табыс небәрі 35-40 мыңдай еді. Ал инстаграмды тиімді пайдаланудың арқасында 1 айдың ішінде 3-4 миллион табуға болады. Аянбай еңбек етіп, тер төксеңіз, 10 миллионды табу оп-оңай.
2019 жылы "Smmart school" атты онлайн SMM орталық өз жұмысын бастады. Бүгінде орталыққа 1 жыл толып отыр. Әр жаңа істі бастар кезде, әрине, қиындықтар туындайды. Онлайн кәсіп Қазақстанда енді дамып келе жатқанда ашылған кәсіп болғандықтан қиындықтар кездесті. Орталықтың атын қоюдың өзі қиындық тудырды. Дизайнерлермен, білікті мамандармен күн сайын кездескен. Орталыққа ерекше атау іздеп 10-15 күн уақыт жоғалтыпты. Бұл кезде халық инстаграмның қыр-сырын меңгермеген кез еді. Мәселен, Ресейде SMM, копирайтинг өте жақсы дамыған. Ал Қазақстанда қазір біршама дамып келеді.
Курстың атауының өзі ерекше. Неше түрлі креативті ойлар айтылды. Алайда команда болып келісе SMM сөзін түбір қылып алып "Smmart School" деп атаған. Атауының өзінде креативтілік, ерекшелік болғанын жөн деп санапты.
Smmart School – Қазақстандағы ең жас әрі көптеген блогердің басын қосқан жоба. Осы уақытқа дейін 2500-ден аса студентті оқытқан. Курс нәтижесінде, олардың 6 миллионер атанса, 1000 адам онлайн кәсіп бастаған. Мұнда инстаграмның сіз бен біз білмеген құпияларын бастан-аяқ түсіндіріп үйретеді. Инстаграмда маска жасау, таргетинг фишкалары, инфобизнес, ниша таңдау жайлы үйренесіз. Мәселен, курста үздік білім көрсеткендерді командаға жұмысқа алады.
Күн санап техника дамып, оффлайн қызметтер онлайнға көшіп жатыр. Онлайн кәсіп бастау кез келген жастағы адам үшін өте тиімді. Сыртқа шықпай-ақ үйде еркін жұмыс істеу ыңғайлы емес пе? Қандай кәсіп бастаймын деп уайымдаудың қажеті жоқ. Мәселен, SMM мамандығы Қазақстандағы онлайн кәсіптің 60%-ға жуығын жаулаған.
Егер ойыңызда кәсіп ашу болса, онда дереу іске кірісіңіз. Кәсіпкер болу үшін миллиондаған ақша керек деген ойдан аулақ болыңыз. Тіпті, Smmart School-ды ашу үшін миллион жұмсалмапты. Қалтаңызда 10 мың болса да бастай беріңіз. Кәсіп бастау телефоныңыздың арзан-қымбатына қарамайды. Бастысы, шын ниетпен іске кіріскен абзал.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін