Иә, тақырып ерсілеу көрінген болар. Дегенмен орыстың «Я готов заплатить вам за ваши время» деген сөзінің тура аудармасы осылай. Қоғам былай, қоғам олай деп бәрін публикаға арта салғанды ұнатамыз. Дегенмен сол қоғам деген өзіміздей адамдардың жиынтығы-тобыры емес пе?!
Әй, әй, әй... Негізі айтайын дегенім бұл емес. Көкейімдегі дүние басқа. Жақын күндері бір танысым ауруханаға түсті. Қазақ-бауырмал халық, хәл сұрау салтымыз дегенді жалау етіп, өзімнен әлдеееқайда ауқатты тұратын бай туысымның жағдайын біліп қайттым. Өкінішті -ақ, хәлі мүшкіл екен, төсекке танылды да қалды. Соңғы кезде гүрілдеп, бизнесі көк тіреп тұр еді. Аяқ астынан инфаркт алды. Жүрегі жүруді де көтермейді. Ендігі қалғаны Алланың жазған ғұмырын төсекке байланып қозғалмай өткізу. Амал қанша. Кезіндегі «Богатые тоже плачут» деген кино есіме түсіп кетті ғой. Енді жаңағы туысыммен сөйлескенде осы күніме шүкіршілік еттім. Байлық-мәңгілік емес, бай болу бақытты болу деген емес екен. Туысымның әңгімесінен ұққаным сол.
-Аман-есенбісіз, Дәуеке?
-Әә, сен бе? Несін сұрайсың, көріп тұрсың ғой,- дейді туысым тыжырынып.
-Көріп тұрмын, сауығыңыз, менен не көмек керек?
-Еее, сен не көмек бере алам деп ойлайсың? Ақша сұраймын ба сенен?, - деп мырс етті.
-Жоғааа, байеке-ау.Жәй әңгіме болсын деп.
-Сен маған тек бір нәрсе бере аласың!
-Ол не?
-Маған уақытыңды сатшы, денсаулығыңды да қоса сатып алам! Қанша сұрайсың?
-Ау, аға. Ол сатылатын дүние ме еді. Тегін-ақ берер ем сізге,- дедім бергі жағыммен онда да. Әйтпесе, Алланың берген бар байлығын қалай бересің, өзіңде бары сол ғана болса.
-ееееех , дұрыс айтасың. Бар кезде қадірін білейді екенбіз ғой шіркіннің. Ойланшы! Барлығын сатып алуға ақшам жетеді. Барлығын ақшамен шешуге болады. Мысалы, орныңа адам жалдап жұмыс істете аласың. Бір жерге бару үшін де ақша берсең басқа адам бара алады. Ал бірақ, ауруханада сенің орныңа жатып сен үшін ауыратын адамды жалдай алмайды екенсің. Соны енді түсіндім.
Әңгіме солай бітті. Ойланып қалдым. Біз байлық, ақша, атақ деп жүріп уақыттың қадірін ұмытып кетеді екенбіз. Неге? Себебі, қолда барда алтынның қадірі жоқ. Алтын уақыттарыңызды бағалаңыздар. Оны сатпаңыздар!!!