Weekend
Оқушылардың уақыты Tik-Tok-та өтіп жатыр
Tik-Tok әлеуметтік желісі қазіргі таңда өте қарқынды дамып келеді. Бұл әлеуметтік желіні пайдаланушылардың басым көпшілігі мектеп оқушылары. Бірақ бұл платформаның бізге үйретері не?
Егер білмейтін болсаңыз, Тіk-Tok – қытайлық әлеуметтік желі. Ол қысқа музыкалық видеолар мен тікелей эфир жасауға мүмкіндік береді. Қолданушылар көбіне мұнда көңілді видеолар көруге кіреді.
Бүгінгі біздің мәселеміз мектеп оқушыларының Tik-Tok-тан қандай контент қарайтындығы. Осы тұста мектеп оқушыларын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ:
• 1-5 сынып: түрлі мультфильм кейіпкерлерін, шет елдік бүлдіршін блогерлерді қарайды.
• 6-9 сынып: бұл оқушылар әртүрлі мобильді ойындарды, отандық вайнерлерді, кейде шетелдік блогерлерді және корей дорама үзінділері мен кейіпкерлерін қарайды.
• 10-11 сынып: жасөспірімдердің көпшілігі түрлі лайфхактарды, күлкілі видеоларды, түрлі кино кейіпкерлерін, тіпті ҰБТ тапсыратындар тест жауаптарын да қарайды.
Оқушылар күніне қанша уақытын Tik-Tok-қа арнайды?
Қашықтан оқуды ескерсек, барлық баланың қолында смартфон бар. Сабақ барысында әр үзілісте желіні бір шолғанның өзінде 30-40 минуты осы әлеуметтік желіге кетеді. Ал сабақтан бос уақытында кем дегенде 1-1,5 сағат осы желіде отырады. Тіпті одан көп болмаса...
Бала психологиясына бұл әлеуметтік желі қалай әсер етеді?
Тағы бір қызығы балалар мұнда тек белгілі қолданушылардың видеоларын ғана қарап қоймай, өздері де белгілі бір трендтерді қайталап, өз видеоларын да жүктеп отырады. Бұл дегеніміз бір балаға оң әсерін тигізсе, екінші бір баланың тұйықталуына себеп болып отыр. Өйткені, барлығы бірдей өз бейнежазбасымен бөлісе бермейді.
Сонымен қатар Tik-Tok– та,қазіргі онлайн оқу режимінде отырған оқушыларға, үй тапсырмасын орындап, жауаптарды көрсететін де топтар ашылған. Техниканың тілін дұрыс түсіне бермейтін ата-аналарлар бұл туралы бейхабар! Өзі қашықтан оқып жатқан балаға, бұлда бір жеңіл әрекет болып отыр.
Естеріңізге сала кетейін Абай, Ыбырай, Ахмет Байтұрсынов аталарымызды бір жеңіл трендпен мазақ еткен видеолар да осы Tik-Tok желісінен тараған болатын.Бұл желі біздің елімізде бірнеше айдың ішінде танымал болып кетті, қазір көпшіліктің қолданысында. Мұндай қарқынмен бұл желіден әлі де біраз челендж бен трендтің куәгері болатын сияқтымыз.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін