Саясат

Назарбаев: Ресейдің патшасы сіз бе, жоқ па?

Нұрсұлтан Назарбаевтың қалай Қытай және Ресеймен шекараны бекіткендігі жайлы айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отандық «Асыл арна» телеарнасы өздерінің Instagram желісіндегі парақшасында Елбасының шекараны бекітуі жайлы сұхбаттан үзінді жариялады деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Журналист Ерлан Әбдірұлының сауалдарына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және жазушы Бақтияр Тайжан жауап берді.

Сұхбат барысында журналист Елбасының шекараны неге тезірек бекітіп алуды қалағандығының себебін сұрады.

 - Бір үйдің жартысы Өзбекстан, жартысы Қазақстан. Оны шешу керек. Қытаймен де, Ресеймен де сондай жағдай. Ресейдің және Қытайдың ең ұзын шекарасы бізбенен, -  деп жауап бере отырып Қытай осы күнге дейін бірде-бір мемлекетпен шекарасын белгілемегенін атап айтты.

 - Неге Қытай өздерін күн астындағы мемлекетпіз деп айтады? Оның астында үлкен бір саясат жатыр, - деп Елбасының Қытай басшысымен тіл табысуының арқасында шекарамызды бекіте алғанын атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Ал жазушы армян мен әзірбайжан, орыс пен украин арасында болып жатқан ұрыстың себебі –шекараны бекітпегендіктен туып жатқандығын айтып, Нұрсұлтан Әбішұлының Ресеймен қалай шекараны бекіте алғандығын жеткізді.

Жазушы келісім кезінде Ресейдің билік өкілдері шекараны бекіту жайлы шешімге қарсы тұрғанын, сонда Елбасы Борис Николаевичке «Бұл елдің патшасы кім? Патша шешім қабылдау керек қой » деп намысына тию арқылы өз дегеніне жеткенін жеткізді. Сол кезде басшымыз тапқырлық танытпағанда жердің бәрі қалып кетуші еді деп өз сөзін қорытындылады.

Еске сала кетейік, бүгін 1- желтоқсан Қазақстан халқы Тұңғыш президент күнін тойлауда.