Нұр-Сұлтан

«Әбу-Даби Плаза» мұнарасы «Қазақстан» деп аталады

Елордада салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені Қазақстан деп аталады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі үшін берген сұхбатында айтты. Абу-Даби Плаза кешені туристерді қызықтыратын жаңа орталыққа және Қазақстан астанасының көрнекі символына айналады деген үмітін білдірді.

Келесі жылы ең үлкен «Абу-Даби Плаза» мұнарасы «Қазақстан» деп аталады. Біздің кең далада алыстан көрінетін бұдан биік ғимарат жоқ. Егер біреу: «Бұл қандай биік ғимарат?» деп сұраса, бұл «Қазақстан» мұнарасы деп айтып жүретін болады, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, елдегі ең үлкен мешіт елордада салынып жатқанын да атап өтті.