Қоғам

Темір басты адам туралы естуіңіз бар ма?

Түркия азаматы темекі шегуді доғару үшін өз басын темір торға бекіткен.Бұл жағдай әкесінің өлімінен кейін басталған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ибрагим Юсель есімді Түрік азаматы темекіге тәуелділігінен арылу темір торға басын бекіткен.

Темекіні тастау адам түрлі амал қолданады. Бірақ үйреншікті әдетін тастау қиынға соғады. Ал шын күресу жолында 42 жастағы Ибрагим Юсельді мысалға ала-аламыз. Өкпе қатерлі ісігінің салдарынан әкесінің өлімінен кейін жоғары қысымы жиі көтерілетіндіктен темікіні тастауға бекінген. Ол үшін басын темір торға бекітіп үйреншікті әдеттен арлымаққа амал жасаған. Тіпті ол «отбасы» алдында және «Құран» алдында ант берген.

Ибрагим 16 жасынан  темікі шегіп бастаған. Осы күнге дейін 26 жыл бойы күніне 2 қорап темікі шегуді әдетке айналдырған. Әкесі қатерлі ісікке шалдығып қайтыс болғаннан кейін анасы мен бауырлары оның бұл әдеттен арылтуға бірге күш салып бақты. Ол жаман әдетінен арылу үшін бірнеше мәрте амалдарға барды. Соңғы әрекеті осы темір торды басына бекіту болған.

Жаман әдетінен арылуға бекінген Ибрагим торды 2 құлыптан тұратындай етіп бекіткен. Жұмыс басталар сәтте таңертеңнен никотинге деген шөлін басу үшін әйеліне және қызына екі кілтті тапсырып, жұмысқа кететін болған. Тек тамақтанар уақытында кілтті ала-алатын. Торша басын көтеруге әрі демалуға ыңғайлы болды. Тесіктері аса үлкен болмасада крекер жеуге,су ішуге мүмкіндігі болды.

Ең басында бұл әрекетін көршілері мен отбасы мүшелері дұрыс түсінбегенімен кейін Ибрагимнің бұл ісін қолдады. Осындай батыл әрі қызық қадамы арқасын да темікіге әуестілігін бар болғаны 2 күннің ішінде баса алған.

Айта кетейік, Ибрагим Юсель бұл оқиғаны 2013 жылы шілде айында бөліскен. Одан кейін ешқандай мәлімет жариялай қоймаған. Сондықтан мәңгілікке темікеден арылды деп дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен бұл оқиға темікіге тәуелділігін барынша  жоюға тырысқан ерекше әрекет болып көп адамның есінде қалары анық.