Саясат
Қазақстанда 156 бай бар, олар өз болашағын ғана ойлап отыр.
Ирак Елекеев – Атырау облысының тумасы. Ол Иманғали Тасмағамбетов болашақта президент сайлауына түседі деген ойын айтты. Бұл сұхбат Нартай Аралбайұлының youtube каналында жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
- Біздің елде әлі де қиын-қыстау замандар болады. Елбасының өзі ертең қиын жағдай туса, Тасмағамбетовтің көмегіне жүгінеді. Бұл жерде үлкен саясат жатыр. Латын әліпбиі оңай нәрсе емес, алып көршіміз Ресей тұрғанда. Содан шығар, Тасмағамбетовтың латын әліпбиі туралы айтқан пікірі.
Мамайдың партиясының артында Тасмағамбетов тұр деген әңгіме айтылып жатса – ол рас! Бұл елде тап-таза саясаткер жоқ. Тек Тоқаев болмаса. Тірі Елбасыға бүгін баға бере алмаймын, оны тарих шешеді деп ойлаймын.
- Парламент пәрменсіз болып барады. Бұл сайлауға бару керек, дауыс беру керек. Бірақ мен Нұр-Отан мүшесімін, нұрын қойшы, Отан деген қасиетті сөз, соған дауыс беремін. Кеше қазақ неге Қосановқа дауыс бере жөнелді? Өзгеріс болса екен деді...
дегендей ойларын айтқан: