Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Түркістанда "Hazret Sultan airport" атты халықаралық әуежайдың ашылу салтанаты өтті.
Бұл әуежай - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарынан бері нөлден бастап салынған алғашқы ірі әуежай.
Ең алғашқы рейс "Нұр-Сұлтан-Түркістан" рейсі болды. Ашылу салтанатына еліміздің түкпір-түкпірінен бұқаралық ақпарат құралдары мен облыс әкімдігі жиналды. Алғашқы рейс жолаушыларының да қуанышында шек болмады.
Әуежайдың ашылуына үлес қосқан жандарға құрмет ретінде кішігірім ұшақ мүсіндері мен авиакомпания белгісімен кепка сыйға тартылды.
Алғашқыда халық арасында әуежайдың атына байланысты түсініспеушіліктер болды. Себебі, Хамза Сұлтан Қожа Ахмет Яссауидың екінші аты екенін көпшілік біле бермеді.
Ал қазіргі кезде әуежай толықтай қолданылуға дайын. Онымен қоса, билет құны да өте арзан бағада болатыны айтылды.