Қоғам

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

«Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді. Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді. Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.

Жарыс бағдарламасы: 14-15 желтоқсан - жаттығу

16 желтоқсан - жаттығу, жеребе

17 желтосан - жаттығу, жарыс

18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау