Денсаулық
Нұр-Сұлтандағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың аты берілді
Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтың атауы берілді деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз ісі жөніндегі хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен әрі қолдауымен Елордамыздағы Жекпе-жек сарайына ресми түрде даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың есімімен аталатын болды. Бұл шешім былай қабылданған еді...»,- деп шешімнің қабылдануы жайлы айтты.
Марқұм Үшкемпіров көзі тірі кезінде баласы Жандоспен бірге қазығы енді қағылып жатқан спорт кешенінің жанынан өтіп бара жатып, өзінің арманын айтыпты. Елге сіңірген еңбегін міндет қылмайтындығын, алайда осы спорт кешені өзінің атына берілсе, арманы болмастығын айтыпты. Бұл әңгіме Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына жетіп, шаралар қолданыла бастаған.
Айта кетейік, бұл сарай 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылды. Онда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ жайлы қонақүй бар.
Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған. Жобаның құны шамамен 19,5 миллиард теңге.