Қоғам

Барби қуыршағы және расизм

Әлемге белгілі "Барби"қуыршағы Barbie Youtube блогында қазіргі таңдағы актуалды тақырыптардың бірі - расизм жайлы сөз қозғады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қонақ ретінде жан құрбысы, расизмнің құрбаны болған Никкиді шақырды. Екіминуттық видеода Барби оқырмандарына бүгінде расизмнің қандай проблемаға айналғанын және бұл мәселеге бей-жай қараудың салдарымен бөлісті.

Барбидің құрбысы Никки: "Мен және басқа да  қара торы адамдар расизммен күн сайын соқтығысады. Бір күні Барби екеуміз жағажайда қағаз таратудан жарысып жүрген кезде, полиция қызметкерлері тек мені ғана үш рет тоқтатты. Себебін сұраған кезімде, менің заңсыз дүние істеп жүргенімді айтты, бірақ негізінде қағазды достарымызбен бірігіп тараттық. Тағы бір басымнан өткен жағдай. Француз тілі сабағында мұғалім тапсырған жұмысымның қате екенін және маған жақсы баға қоймайтынын айтты. Алайда мен французша өзге ақ нәсілді оқушыларға  қарағанда еркін сөйлей аламын",- деп өкпесін  білдірді. "Неге мұғалімге айтқаныңның дұрыс екенін дәлелдемедің?" деген Барбидің сұрағына Никки:"Бәрібір мені кемсітуші еді",- деп тіл қатты.

Біз білетін дәстүрлі қуыршақ Барби қазіргі таңда танымал блогер. YouTube арнасында 10 миллионға жуық оқырманы бар.

Бір қызығы, жаңа жобаның әдеттегі мультфильмдерге қарағанда тәрбиелік мәні зор әрі мәселені түсіндіру әдісі де ерекше.

Әр эпизодта Барби қыздар қауымына арналған пайдалы кеңестерімен бөліседі. Мысалы, карантин кезінде уақытты қалай тиімді пайдалануға болады, патриархат орнаған қоғамда  өзіңді жоғалтып алмау керектігі жөнінде блог түсірген.

Барби өз сөзінде:  "Біздің бұл видеоны түсірудегі басты мақсатымыз - қара- торы адамдарға деген әділеттілікті талап ету. Олардың біз сияқты ақ адамдардан еш кемшілігі жоқ. Егер бәріміз бір болып расизммен күрессек, бізді естиді!", - деді.

Ал Mattel компаниясы арнайы CNN порталы үшін: "Барби нәсілдік теңсіздікке тосқауыл қою үшін гендерлік теңдікті қолдайды. Ұсынылған эпизодпен біз қара нәсілділерді қоғамнан шектетудің дұрыс емес екенін жеткізгіміз келді. Егер балаларға жастайынан расизмнің не екенін түсіндірсек, болашақта нәсілдік теңсіздікті алдын аламыз ", - деп жазды.