Қоғам

Кез келген төбелеске ұлтаралық сипат беруді қою керек - Бердібек Сапарбаев

Қылмыскерді ұлтына қарап бөлуге болмайды. Заңға сәйкес жауап беруі керек.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі ұлтаралық қарым-қатынас мәселесіне жіті назар аударылып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Балалар бала болғаннан кейін бір-бірімен келіспей, төбелесіп қалуы мүмкін. Қазір ондайға «ананың ұлты кім, мынаның ұлты кім?» деп бірден қараймын. Ол балалар бала болғаннан кейін бір сағаттан кейін қайта татуласады. Сондықтан біз осындай кішкентай мәселелерге ұлттық қарым-қатынастың мәселесі ретінде қарамауымыз керек. Қазақ пен дүнген, түрік пен әзербайжан төбелесіп қалды демеуіміз керек», - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев контрабандалық қылмыстарға басқа ұлттың өкілдерінің қатысы бар деген пікір де дұрыс емес.

«Әрине, қылмыс бар. Қырғыз Республикасынан келіп жатқан контрабанда бар. Ол жерде құқық қорғау органдары, қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері талай адамдарды ұстап, талай қылмыстық істі қозғады. Ол жұмыс ары қарай жалғасын табады. Қылмыскердің аты қылмыскер. Оны ұлтына қарап бөлуге болмайды. Ол заңға сәйкес жауап беруі керек», - деп түйді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетсек, бұған дейін Бердібек Сапарбаев бұған дейін Қордайдағы оқиғадан кейін дүнгендердің көшіп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.