Спорт

Камил Шеремета: «Головкинді жеңіп атымды тарихта қалдырамын»

Осы жыл Головкин қателерін зерттеумен өткіздім.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақта жұдырықтасатын польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке мотивациясы зор екенін айтады, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы sport.interia.pl. сайтына сілтеме жасап. Ол өзін жеңімпаз ретінде елестетіп, визуализациямен айналысып жүр екен.

«Бұл жекпе-жектің бәсі өте жоғары және көптеген мықты боксшы менің орнымда болғысы келетінін о баста түсінгенмін. Варшавада күнде жаттығамын, бірақ, Белостокқа қайтып келгенде, балаларымның күлкісін көргенде ынтала түсемін.

Спортшы үшін жасым тамаша. Осы жыл өз қатемді түзеу және Головкин қателерін зерттеумен өткіздім. Егжей-тегжейін айтпай-ақ қояйын, алайда, мен бұған 14 ай уақыт жұмсадым. Бұл айқаста көздегенім ақша емес. Головкинді жеңіп атымды тарихқа жазамын.

Күнде жатар алдында төреші менің қолымды көтеріп жатқанын елестетемін. Құдайдан сұрайтыным да осы және солай болады деп сенемін», – дейді Шеремета.