Bugin

Көзілдірік жайлы қызықты 5 дерек

Көзілдіріктің қай уақытта пайда болғандығы жөнінде нақты дерек жоқ. Ол тарих беттерінде түрлі болып кездеседі. Мәселен, ежелгі Грекияда адамдар дөңес және ойыс айналардың ерекшеліктерін байқаған. Сондай-ақ көзілдіріктің күннен қорғауға, оқуға, ұсақ нәрсені ұлғайтып көруге айналған түрлері бар. Көзілдірік жайлы топ-5 қызық дерекке кезек берейік.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
  • Әлемдегі ең қымбат күннен қорғайтын көзілдірік- Chopard De Rigo Vision оның бағасы-408 мың АҚШ доллары.
  • Лондондық оптик Эдвард Скарлетт ХҮІІІ ғасырда көзілдіріктің имек тұтқасын ойлап тапты.
  • Көзді күннен қорғайтын көзілдірікті ең алғаш рет көп мөлшерде жасауға тапсырыс берген Наполеон болған. Ол Мысырға жорыққа шыққанда өзінің әскерлеріне күннен қорғайтын көзілдірікті тағып жүруді бұйырыпты. Оның бұйырығын орындамаған кейбір жауынгерлер ыстық елдегі көз қарықтыратын күн сәулесінен көз ауруларына шалдыққан екен.
  • ХІІІ ғасырда Роджер Бэйкон атты оқымысты-діндар көз кемістігіне арналған құралды ойлап таппақ болғанда, ол қуғынға ұшыраған екен. Ондай жаңалықтар дінге мүлде қайшы келетін болып саналған. 1266 жылдары ол әріптерді үлкейтіп көрсететін жаңа құралды ойлап тапқан.
  • Көзілдіріктің пайда болғандығын растайтын ең ескі құжат 1352 жылға тән. Ол сол жылы салынған портрет болатын. Портретте итальяндықтардың кардинал қолына көзілдірік ұстап отырғандығы бейнеленген.