Денсаулық

Хабиб Қазақстанға келмекші

Атақты жекпе-жекші Хабиб Нурмагомедов өзінің жоспарымен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде Хабиб Нурмагомедов жуырда сатып алған EFC промоушені туралы айтып берді деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Vesti.kz сілтеме жасап.

"Ресейде біз келесі жылы алты турнир өткіземіз.Олар Мәскеу, Нижний Новгород, Дағыстан, Краснодар және Самара қалаларында өтеді. Мамырда Ташкентте, наурызда Бішкекте турнир өткізуге келістік. Қазақстанда да екі турнир өтеді. Қаңтарда UAE Warriors ұйымымен бірлесіп бір турнир болады. Әбу-Даби қаласына барып, сол жақта жарыс ұйымдастыру ойда бар. Жалпы бір жылда 12 турнир өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді UFC чемпионы. 

Сондай-ақ Нурмагомедов қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасы туралы ойын бөлісті. 

"Иә, мен бұл команда туралы естігенмін. Ол командада жақсы достарым бар. Бәріне сәттілік тілеймін. Мұндай командалардың көбеюі – спортшылар арасында бәсекелестікті арттырады. Көптеген жігіттері, бізде, яғни Дағыстанда дайындық өткізген. UFC ұйымында өнер көрсететін бірнеше жігіт бар. Жалпы өте мықты команда", - деді ресейлік спортшы.