Bugin

Сәкенге арнау

Сәкен Сейфуллин - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, жазушы, ақын, фольклор. Осы жылы Сәкеннің толуына 126 жыл болды. Осыған орай ақынға арналған арнау.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Туған жерің Сарыарқадай сағым дала,
Өсіпті ақын ағам, сол бір дара.
Сөзге шешен, өр-қайсар әділ өсіп,
Ертегімен сусындап өскен бала.


Әр заманда болған дейді ұлы кісі.
Сәкендей ер мінезді болса есті.
Тарихта аты қалып жатқан болса,
Қазағымда өшпестей ұлы өсті.


Сәкенді жауыпты абақтыға
Қайтейін, шындық ащы,жанға батса?
«Ниетім – елім, жерім» дегендіктен
Шыдады абақтының суығында.


Әр азамат болашаққа қадам басса,
Еліктейді ұлы бір дара қартқа.
Мына мен еліктейін ендігіде
Сәкендей қазағымның ақынына. 

Сағынтаева Ләззат 

Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ менеджмент және халықаралық қатынастар факультеті журналистика мамандығының 1-курс студенті