Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның 13 қаласы ауылға айналады

Еліміздегі 13 қала ауылға айналмақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде облыстық маңызы бар 13 қала ауылға айналады. Оның басты себебі- халықтың азаюы деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Бұған дейін қолданыстағы заңнама олардың мәртебесін өзгертуге мүмкіндік бермейтін. Реформа әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңға енгізілген түзетулердің арқасында мүмкін болды. Олар бүгін ел парламентінің сенатында қабылданды.

"Депутаттардың пікірінше, бұл өзгерістер елді-мекендердің тұрғындарына болашақта мемлекеттен қосымша көмек алуға мүмкіндік береді. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өседі. Коммуналдық төлемдерге байланысты жеңілдіктер және арнайы жұмыспен қамтитын мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алады", деп хабарлайды "Хабар 24".