Әлем жаңалықтары

27 жастағы сәби дүниеге келді

Молли Гибсон - 27 жылдан соң дүние есігін ашқан сәби.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Молли Гибсон 2020 жылы қазан айында дүниеге келді. Алайда оның өмір есігін ашуы үшін 27 жыл уақыт кетті, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Молли дүниеге келген эмбрион 1992 жылдың қазан айынан бері мұздатылып сақталған. Ал ұзақ уақыт бойы балалы бола алмай жүрген Тина мен Бен Гибсон эмбрионға өмір сыйлады.

Молли әлем бойынша жаңа рекорд орнатты. Оның мұздатылып сақталған ұрығы – әлемдегі ең ұзақ сақталған ұрық ретінде есептелді. Бірақ оған дейінгі рекорд оның әпкесі Эммаға тиесілі болатын.

«Біздің қазір қуанышымызда шек жоқ. Осы жайтты айтқан сайын көзіме жас үйіріледі. Егер де біреу маған 5 жыл бұрын, сенің бір емес, екі қызың болады десе, мен мүлдем сенбес едім»,- дейді 29 жастағы Тина Гибсон BBC тілшісіне берген сұхбатында.

Олар жолдасымен бірге бес жылға жуық уақыт бойы балалы бола алмаған, алайда Тинаның ата-анасы телебағдарламалардың бірінен мұздатылған эмбрион жайлы естіп, жедел жас жұпқа хабарлаған екен. Осылайша Тина мен Бен екі қыздың ата-анасы атанды.

Тина және Бен Гибсон сияқты бала сүйе алмай жүрген отбасылар эмбриондар арқылы балалы бола алады. NEDS таратқан ақпарат бойынша, АҚШ-та мұндай мұздатылған адам эмбриондарының миллиондаған түрі сақталған.