Әлем жаңалықтары

Балалардың денесін түк басты

Испанияда кішкене балалардың денесіне түк шыға бастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Испанияда 20-ға жуық баланың денесі түктеле бастаған деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Түкке оранған балалар Испанияның Кантабрия өңірінде, Торрелавега қаласында тұрады. Жергілікті билік өңілдерінің анықтауы бойынша, балаларға іш ауруын емдейтін омепразол берудің орнына, қателесіп шаш өсіретін миноксидил беріп жіберіпті.

Daily Mail

Қате қаптамамен шығарылып кеткен шербеттер Гранада, Кантабрия және Валансия қалаларының дәріханаларына жеткізіліпті.

Айтылған дәріні қабылдаған балаларда гипертрихоз ауруы пайда болған. Яғни денесіне түк шыға бастаған. Қала билігіне қатесін мойындауға, дәріні кері қайтаруға және мұндай олқылыққа жол берген зертхананы жабуға 2 ай уақыт кеткен.

Ызаға берілген ата-аналар сотқа шағым берген және бұл жағдай қатысты тергеу басталған. 2019 жылы мұндай жағдай Андалусия мен Валенсияда да болған. Зардап шеккен отбасылар зертханаға және бірнеше компанияға дәріні таратқаны үшін және Кантабриядағы екі дәріханаға азаматтық және қылмыстық шағым түсірді.

Daily Mail

Одан бөлек кейбір зақым көрген балалардың отбасы ем қабылдап жатқандарына қарамастан, түктің өсуін тоқтатпағандығын айтып, өтемақы төлеуін талап етуде.

Ескере кетейік, гипертрихоз емделмейтін ауру болып саналады. Сондықтан балалардың бұл аурудан жазылатын-жазылмайтыны белгісіз болып тұр.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61