Қоғам
Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес 1987 жылдан бастап қолға алынып келеді. Бүгінде бұл шаралардың еліміз үшін маңызы зор. Себебі, Қазақстанда нашақорлықтың таралуы және қолдану проблемасы кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өте көлемді таралып отыр. Мені "Неге жастар есірткіге құмар?" деген ой бәрінен бұрын қатты мазалауда. Осы орайда , сұрағыма жауап табу үшін нашақорлар ортасымен дос болған сыныптасым Дінмұхамедпен кішігірім сұхбат өткіздім.
Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес 1987 жылдан бастап қолға алынды. Бүгінде бұл шаралардың еліміз үшін маңызы зор. Себебі Қазақстанда нашақорлықтың таралуы және қолдану проблемасы кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өте көлемді боп тұр.
Мені "Неге жастар есірткіге құмар?" деген ой бәрінен бұрын қатты мазалайды. Осы орайда, сұрағыма жауап табу үшін нашақорлар ортасымен дос болған сыныптасым Дінмұхамедпен кішігірім сұқбат өткіздім.
-Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?
-Жасөспірімдер аса аңғалдау және еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен барлығын бастайды. Сонында, оған қалай тәуелді болғанын сезбей де қалады.
-Жас буын арасында есірткіге қол жеткізу неге оңай жүзеге асады?
- Баршамызға мәлім, қазіргі кезде кез келген ақпаратты, соның ішінде есірткіге байланысты мағлұматты ғаламтор желілерінен, теледидардан және сол секілді телекоммуникация құралдарынан алуға болады. Тіпті қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеудің немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді. Өйткені ғаламторды ашып қалсаң, есірткіні қайда сататыны және сол есірткіні үй жағдайында қалай жасауға болатыны туралы ақпарат тізбектеп шыға келеді.
-Сіздің ойыңызша нашақорлық неден бастау алады ?
-Менің бұрынғы ортам есірткіге тәуелді адамдардан тұрғандықтан, соған байланысты жетерлік жағдайлар білемін. Есірткіге тәуелділік әр адамда әртүрлі басталады. Біреуде қызық көруден болса, біреуінде жеке басының қиындықтарынан басталуы мүмкін. Есірткі қолданып, барлық қиындығын ұмытқысы келеді. Алайда, оның арты одан да үлкен қиындықтарға алып келерін олар, өкінішке қарай, білмейді.
Айтар ақылым: Есірткі – әуестікпен дәмін көріп, жалыққан соң тастап кететін ойыншық емес. Дәмін тату дегеніміз шыңырауға қарай қадам басу деген сөз. Ал шыңырауға құлауға аяқ басып, одан кейін қайта ойланып, қайта оралу мүмкін емес! Есірткі түптің-түбі өлімге алып келеді.
Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі мүшелер ғана зақымданып қоймайды, сонымен қатар жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, ас қорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалатынын естен шығармау керек.
Біз, адамзатты толғандыратын, өмір сүруіне қауіп әкелетін ХХІ ғасырдың дертіне қарсы тұруымыз қажет. 2017 жылы өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде Н.Ә.Назарбаев «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша айқындап атап өтті. Сол себептен де, бәрін өзімізден бастап , еліміздің дамуына ат салысуымыз керек. Елбасымыздың жолдауын тыңдап, оны дұрыс сараптай білсек, елімізді нашақорлықтан, есірткі құрығынан құтқарамыз.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін