Bugin

Шымкентте еліміз бойынша алғаш рет "Apolla" рентген аппараты орнатылды

Қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Шымкентте қалалық №2 ауруханаға компьютерлік томография және елімізде алғаш рет Италиядан әкелінген «Apolla» рентген аппараты орнатылды. Аталған құрылғының көп функционалды телебақылаушы үстелі бар. Отаның біршама түрін жасайтын құрылғы диагностиканы барлық режимде цифрлық зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие. Мәселен, флюроскопия, рентгенография, рентгеноскопия, томография және сатылы ангиография,  одан бөлек, жатыр ауруларының эмболизациясы мен бауырдың қатерлі ісігін емдейтін бірегей аппарат. Бұл құрылғыны құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, желтоқсан айының ортасында іске қосамыз. Ал коронавирустық инфекциясы жайлы айтсам, бүгінде қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің сөзінше, Шымкентте әлемге әйгілі «Ульзибат» әдісімен емдейтін ресейлік дәрігер, жоғары медицина маманы Николин Валери қаладағы сал ауруына (ДЦП) шалдыққан науқас балаларды қабылдады. Қазіргі таңда 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында профессордың қабылдауында болған балаларға оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, қалада осы жылдың 24 наурызынан 3 желтоқсанына дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 381 жағдайы (2 740 симптомды, 2 641 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 5 160 науқас емделіп шыққан.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай