Алматы

Алматыда 860 млрд теңгеге Almaty City салынбақ

Алматы әкімдігі 1,5 трлн теңгелік 55 меморандумға қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

3 желтоқсанда Алматыда жыл сайынғы Almaty Investment Forum-2020 саммиты өтті, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қаржы саласындағы ң ірі инвестициялық кездесу болып табылады. Оған жетекші қазақстандық және әлемдік кәсіпкерлер, отандық банк секторы мен беделді халықаралық қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ әр түрлі елдердің саясаткерлері мен мемлекеттік қызметкерлері қатысады.

Дәстүр бойынша форумның нәтижелерінің бірі – Алматының экономикасына дамуына инвестиция құю туралы меморандумдарға қол қою. Жалпы 2019 жылы 2,3 млрд долларға 31 меморандумға қол қойылды. Ал 2020 жылы алдын ала келісімдердің жалпы сомасы 1 триллион 518 миллиард теңгені құрады (3,5 миллиардтан астам).  Келісім нәтижесінде 55 меморандумға қол қойылды. Жобалардың көпшілігі инфрақұрылымды, жылжымайтын мүлікті, медицина мен өнеркәсіптік нысандарды дамытуға бағытталған.

Топ-3 жоба:

-Almaty City. Қаражат -860 млрд теңге. Іске асу мерзімі- 2021-2025.

-С.Д. Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ жанындағы Біріккен университет ауруханасы. Қаражат - 365,5 млрд. Іске асу мерзімі - 2021-2027.

-Мультимодальды логистикалық хабтың құрылысы. Қаражат-  2 миллиард 150 миллион теңгені құрайды. Іске асу мерзімі - 2021-2025