Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы туралы мәлімет. Үржардың сипаты жайында
"Үржар деп ән салам,
Мақтанып, тамсана.
Әлемге жар салам,
Сүйемін сені,
Жер ұйық өзінсің – Үржарым менің" деген өлеңін Ержан Жұмабек қасиетті, табиғаты әсем жер Үржар ауданына арнаған. Үржар Қазақстанның Шығыс бөлігінде орналасқан. Қытай Халық Республикасының шекарасымен байланысып жатыр. Үржар ауданы болып құрылғаннан бергі 92 жылдық тарихы бар. Жері кең, өзіне табиғаттың бар әдемілігін жинағандай көрікті мекен. Биік тауды, тұзды көлді жиған керемет орын.
Үржарды айтқанда барлығы оны тұзды Алакөлі, шипалы Барлық Арасан шипажайы, биік Тарбағатай тауы, Әсет Найманбайұлының туған жері деп елестететін шығар. Үржарды Швейцариядан кем емес деген. Себебі ауасы таза, жайқалған жасыл кең дала. Әрі ол алманың Отаны болған. Оны Үржардың ортасында орналасқан алманы алақанында ұстап тұрған ескерткіш қолдан білуге болады.
Үржардың тұщы Алакөліне саяхаттап көптеген туристтер келеді. Оның тұзды суына бір рет болсын түсіп қалуға алыстан да қонақтар келіп қоныстанады. Барлық Арасан шипажайына да көптеп адам келеді. Ол жерге туристер ем алу үшін саяхаттап барады. Әрі Үржарда дала жануарларын қорғайтын қорықтар бар. Олардың бірі – "Тарбағатай мемлекеттік табиғи паркі" атты қорығы. Ол қорықта сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген Тарбағатай тауының жануарлары кездеседі. Сонымен қатар, Үржарда әдемі саябақтар бар. Мысалы, Мақаншы ауылындағы "Жеңіс" саябағы, "Болашақ" саябағы, "Балалар саябағы", батырларымызды еске алып тұруда ұйымдастырылған "Батырлар аллеясы" бар. "Жеңіс" саябағы дәл бір орман сияқты, ағаштардың арасында орналасқан. "Болашақ" жасыл өсімдіктерге толы орын. "Балалар саябағы" аты айтып тұрғандай балаларға арналған. Ойын-сауықтары бар, қызықты жер. Ал "Батырлар аллеясы" батырларымыздың ескерткіштері мен олардың есімдері жазылған қабырға мен мәңгі оты жағылған от тұрады. Айта кетерліктей 2019 жылы Әсет Найманбайұлының туылғанына 125 жылдық мерейтойы өтілді.
Әрі, Үржарды Ұлы жер деп санап, оны "Ұлы даланың үкілі Үржары" деп атаған. Осы Үкілі Үржардан елге атағы шыққан ақындар танылған. Ақжарық Абылқасымов, Серікжан Қажытай, Дәулеткерей Кәпіұлы деген атақты ақындары бар. Үржардан тек қана ақындар ғана емес, өнердің барлық түрінен танылған өнерлі өнерпаздар да бар.
Үржар күннен-күнге көркейіп жатыр. Әрине, мұның бәрі адамдардың көмегімен. Осылай айрандай ұйып отырған Үржар ауданы. Табиғаттың барлық әдемілігінен құралған ерекше көрініс беретін әсем пейзажы бар. Көркемдіктің жиналған ортасындай. Ырысқа толы, міне, осы – Үржарым.