Ойындар

Minecraft немесе Among Us?

"Minecraft" па, "Among Us" па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XXI ғасыр компьютер заманы болғандықтан, қазіргі жастар күні-түні  жаңадан шыққан ойындарды қалыспай ойнайды. Ондай жастарды қазіргі таңда біз «Геймерлер» деп атаймыз. Бірақ біздің қойған сұрағымызға жауап беру олар үшін қиынға соққан секілді. Бұған себеп бұл екі ойынның бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды.

- 2011 жылы шыққан "Minecraft" ойыны әлі күнге дейін танымал. Оған не себеп?

- "Minecraft" бұл жәй ғана жүгіріп, секіріп жүретін ойын емес. Бұл ойында адам кез келген  қалаған арманын визуалды түрде орындай алады. Қысқаша айтқанда шынайы өмірде істей алмайтын, қолынан келмейтін затты бұл ойында іске асыра аласыз. Тағы бір ерекшелігі тәуелсізсіз, қалаған идеяны жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

- "Among Us" ойыны неге тек 2 жыл уақыт өткен соң қолданушылардың назарын өзіне аударып жатыр?

- Сонау 2018 жылы бұл ойынның графикасы мен қолданушыға беретін тапсырмалары назар аударатындай дәрежеде болмаған. Бірақ 2 жыл уақыт ішінде бұл ойынды құрастырушылар ойынның дәрежесін жаңа деңгейге көтерді. Мұны байқаған геймерлер желі арқылы ойынды таратып, сұранысын жоғарғы деңгейге бір сәтте-ақ көтеріп жіберді.

"Among Us" ойыны атақты болғанымен "Minecraft" ойыны өзінің қолданушылар санын жоғалтып алмады.

Сонымен қай ойын геймерлер арасында үлкен атаққа ие? Бұл сұраққа жауап алу біз ойлағандай оңай нәрсе болмады.

Ал сіздің таңдауыңыз "Minecraft" па, "Among Us" па?