Көктемнен көйлек киген қыз

Қоштасу хаты немесе өзіңді азат ету

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бозбала күнім қайта келмес сағымға айналған кезде таныстым өзіңмен. Әр таудың басына соқтығатын бұлт секілді өз теңімді таппай жүргенде сені бір қыраттай көрдім. Иә, ол басында ғана. Қимастықпен атқан бір таң, ертесіне қайта іздеу, одан ары тағы талай ... Өмірімде сені бір рет қана көрсем де, сені өмірімдей көрдім, рас айтам. "Ол басында ғана" деп нәзік жүректің жібін үзді жігіт. Бақыттың баянды болуын тілеп ақ бұлтқа айналып, тау мен тасқа соқтығуын жалғастырып кетті. Бойжеткен үшін сүйгенімен өткізген 63 күн бір ғұмырдай еді. Небәрі 2 ай 3 күн. Біреулер үшін сезім оянатындай уақыт емес, солай ма? Бірақ, қыз үшін ең бақытқа толы, жайдары күн болған.Қиялмен ханзадасына тұрмысқа шығып, перзент сүйіп те үлгерген. Диснейдің туындысындай бақыты баянды еді. Көктемнен көйлек киген қыз еді. Жел де тұрмады, найзағай да ойнамады. Дүлей дауыл да жоқ, ақ жауын да жаумады. Мүлгіген тыныштық. Таң атып, кеш батып жатты. Өзгеден емес өзіңнен қашу қандай қиын еді? Әлеуметтік желіден бүр ашқан сезім әбден әлекке салды. Қыран жортпайтын құба түзге ғашық, ғаріп сезімін лақтырды. Жүрек әлі мың жылап, мың күледі. Өмірдің де бар шығар бір білері.  Жапырақ жауған күзде көктемдей құлпырған гүл еді. Қыстың қаһарлы аязына шыдамады. Ерте солды... Мезгілдің көші ілгері жылжи бермек. Жарқырап жаз да жетеді. Бақытты өмір болмаса да бақытты күндер барын білгейсіз. Алланың назарында болыңыз менің адамым.