Қоғам
Қаралы хабар.
Бүгін қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы, қазақ синтаксисінің белді зерттеушісі Рақыш Әмір қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
"Қаралы хабар. Бүгін қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы, қазақ синтаксисінің белді зерттеушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жарты ғасырдан аса уақыт қызмет еткен ардагер оқытушы, ұлағатты ұстаз, дара ғалым Рақыш Сәтұлы Әмір дүниеден өтті. Ғалымның отбасына, туған-туысқандарына, барша шәкіртіне көңіл айтамын. Ғалым-ұстаздың жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттері жадында мәңгі сақталады! Бақұл болыңыз, аңыз адам, ғылым ғұмыр!" - деп жазды тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев Facebook парақшасында.
Әмір Рақыш Сәтұлы 1930 жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1951).
1954 – 1955 жылы мектеп мұғалімі, 1955 – 1964 жылы Қазақ КСР Ағарту министрлігінің педагогика ғылымдары иниверситетінде аға ғылыми қызметкер, хатшылық меңгерушісі, директордың орынбасары, 1965 – 1969 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінда Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 1966 – 1974 жылы декан, 1974 – 1987 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ мемлекетаралық халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ректорлық жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 1988 – 1992 жылы Қазақ КСР Білім министрлігінің педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу иниверситетінің "Қазақ тілі мен әдебиет оқыту методикасы" бөлімінің бас ғылыми қызметкері, меңгерушісі қызметтерінде болды.
1992 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі кафедрасында оқытушысы болып еңбек етті. 80-нен аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 7 монографиясы жарық көрген.
"Құрмет белгісі" орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет Грамотасымен марапатталған 5 ғылым кандидатын тәрбиелеген.