Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандықтар жаңа жылда қанша күн демалатыны анықталды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстандықтардың жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Uchet.kz порталына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, биыл жаңажылдық ресми демалыс күндері - 1 және 2 қаңтар , ал 2-сі сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4-не, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3 қаңтарда демалады.
31 желтоқсан - бұл ресми жұмыс күні. Ол күні демалғыңыз келсе, онда бұл туралы жұмыс берушімен алдын ала келісу керек екені айтылады.
Жаңажылдық демалыстардан кейінгі келесі демалыс бейсенбі, яғни 7 қаңтарға түседі. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61