Экология

Еліміздің кей өңірі аяз бен боранға оранады

Қазақстанның 13 өңірінде боран соғып, аяп болмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 7 желтоқсанда Қазақстанның 11 облысында аяз, қар және боран соғады деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан бойынша кей жерде қар жауады. Қазақстанның солтүстігінде, батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста жел күшейетіні айтылады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз болады.