Спорт

Хабиб Нұрмағамбетов – UFS-дің "Үздік күрескері"

Хабиб Нұрмағамбетов- кәсіби мансабында 29 кездесу өткізіп барлығын жеңіспен аяқтаған, Ресейлік жекпе-жек спортшысы, UFS аренасының жеңіл салмақтағы чемпионы.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

UFS-дағы мансап жолын 2012 жылы бастап, осы уақытқа дейін 13 кездесу өткізді. Оның жекпе-жек стилі ешкімге ұқсамайтынымен әрі бірнеше күрестің түрін білуімен ерекшеленді.

2017жылы UFS рейтингісі бойынша ең мықты жекпе-жекшілердің арасында 13 орынға тұрақтаған. Сонымен қатар, 2018жылдың басты жаңалықтарының бірі Конор Макгрегормен кездесіп, бар-жоғы төртінші раундта жеңіске жетіп, өзінің мықты күрескер екенің дәлелдей түсті.

2020 жылдың қазанында Джастин Гэтжимен өткен кездесуде қарсыласын ойсырата жеңді. 

3 жыл қатарынан қарсыластарын нокаутпен жеңген Хабиб UFS-дің «Үздік күрескері» атанды.

Хабиб Нұрмағамбетов осы кездесуінде жекпе-жек спортындағы, UFS аренасындағы соңғы күресі екенін оның спорттағы басты қолдаушысы яғни әкесінің жоқтығынан өзінің мансап жолын тоқтататындығын көзіне жас алып мәлімдеген.

Әкесі Абдулманап Нұрмағамбетов ресейдің құрметті азаматтарының бірі. Хабибті жастайынан жатықтырып, жекпе-жектің қыр-сырын үйреткен алғашқы бапкері болған. Тек қатал тәртіппен өсіріп, қайсар мінезді болуына, сөзге сынбай қайратты болуға үйреткен. Әр кездесуінде жанында болып, ең үлкен қолдауды көрсеткен жанашыры 2020жылы 57жасында әлемді жайлаған коронавирусты жұқтырып, ауыр жағдайда қайтыс болған.