Әлем жаңалықтары

Мұғалімнің басын кескен шешен азаматының жаназасы өтті

Мұхаммед пайғамбардың карикатуралық суретін мысалға алып, студенттерге сөз бостандығын түсіндіріп жатқан тарих пәнінің мұғалімінің басын кескен Абдулла Анзоров жерленді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

16 қазанда 18 жастағы Шешенстан тумасы Абдулла Анзоров Charlie Hebdo журналында Мұхаммед пайғамбардың мультфильмдерін мысалға алып, студенттерге сөз бостандығын түсіндіріп жатқан тарих пәні мұғалімінің басын кесіп алған. Бұл туралы Конфланс-Сен-Онорин қаласының жергілікті полициясы хабарлаған еді.

Ал Анзоровтың өзін полиция қызметкерлері атып өлтірген. Шалажиде дүниеге келген Анзоровтың денесін туыстары Түркия арқылы әкелген. Жерлеу рәсіміне Анзоровты қолдаған халық пен қауіпсіздік қызметкерлері қатысты.

Еске сала кетейік, Париждің маңында мұғалімнің басын кескен 18 жастағы Абдулла Анзоров Францияға ата-анасымен бірге 2008 жылдың қазан айында келген. Биыл кәмелет жасқа толғаннан кейін Абдулла 10 жылға тұруға рұқсат алған болатын.

Әкесінің есімі - Абдуезид Анзоров, анасы - Оксана Дудухаева. Абдулла колледж оқытушысын өлтіріп, Twitter-де басының суретін жариялаған еді. Содан соң ол Франция президенті Эммануэль Макронға жүгініп, «Мұхаммедті қорлауға батылы барған иттердің бірін өлім жазасына кескенін» айтты.

Марқұм мұғалім колледжде сөз бостандығы курсы бойынша сабақ берген. Жалпы іс бойынша 9 адам, соның ішінде Анзорвтың әкесі, шешесі және атасы, сондай-ақ оның 17 жастағы бауыры жауапқа тартылған. Шешенстан тұрғындары болған оқиғаның ресми нұсқасына сенбейді.

Сонымен бірге, «Фонтанкаға» белгілі болғандай, Анзоровтың туыстары оның радикалды исламист емес екеніне сендіріп әлек. Қылмыстың дәлелі жоқ деп отыр. Сондықтан көпшілік жексенбідегі оқиғаны террористтің емес, отандастың жерлеу рәсімі деп санайды.