Bugin

Алматыда "Адалдық турникеті" мен "Сатушысы жоқ касса" жұмыс істеуде

Жоба еліміздің басқа қалалары мен облыстарында кеңінен таралып, үлкен танымалдылыққа ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ірі супермаркеттерде және қаланың метро станциясында екі жылдан астам уақыт бойы "Сатушысы жоқ касса" және "Адалдық турникеті" жемісті жұмыс істеп келеді.

Бұл жобалар адалдық пен парасаттылық сияқты қасиеттерді нығайтуға, қоғамдағы сенім ахуалын арттыруға және азаматтар үшін кедергісіз әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Аталған жобалардың тиімділігіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы көз жеткізді.

Жоба еліміздің басқа қалалары мен облыстарында кеңінен таралып, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Алматы қаласында парасаттылық қағидаттарын насихаттаудың іске асырылған шараларының дәлелі – "Алмалы" метро станциясындағы қолданыстағы адалдық турникеті.

Адалдық турникетінің жұмыс істеуі кезінде метро станциясына кедергісіз өту қызметтерін 935 мыңнан астам адам пайдаланды. Оның ішінде көрсетілген кезеңде 965 жолаушы ғана төлем жасаған жоқ, бұл 0,1%-ды құрайды.

– Енгізілген жобалар қала тұрғындарының күнделікті өмірімен етене байланысып кетті. Әдеттегі дүниеге айналды. Енді бұл жобаларды ауқымды түрде енгізу қажет, – деп атап өтті Ғанижан Асанұлы.