Bugin
Мемлекеттік қызмет имиджі
Алматы қаласына жұмыс сапары барысында республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті әдістерін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ қалалық полиция департаменті алаңындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтарды талқылады.
Кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және штаб төрағасы Ырза Тұрсынзада қатысты.
Полиция департаменті ұжымымен кездесудің мақсаты құқықтық сананы және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, ведомствода сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту болып табылады.
"Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің санасына адалдық, сенім сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды енгізуге ерекше орын беріледі, оларсыз заңды сақтау мүмкін емес. Біз бірінші кезекте, еліміздің имиджін қалыптастыратын мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға сенім артамыз", - деп атап өтті Ғанижан Асанұлы.
Сондай-ақ, кездесуде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.