Hi-Tech
Көптеген адамдардың көкейінде бұл қандай ғажайып құрылғы деген сұрақ туындауы мүмкін. Иә, бұл әлемдік аренада жоғары сұранысқа ие "Oculus Rift" атты виртуалды көзәйнек
"Oculus Rift" көзәйнегі - бір сәтке ғажайып әлеміне саяxат жасауға мүмкіндік беретін құрылғы. Ең алғаш "Oculus VR" компаниясының негізін қалаушы Палмер Фримен Лаки 2012 жылы "Oculus Rift" атты виртуальды көзәйнегін ойлап табады. Алғаш шыққан нұсқасын компьютерлік ойындарда кеңінен пайдаланып, кейіннен, 2013 жылы көптеген әлем елдерінде сатылымға шыққан. Ал, 2014 жылы 100 мың-ға жуық ғажайып "Oculus Rift" көзәйнегі сатылады.
Салмағы 300 грамм-ды құрайтын "Oculus Rift" көзәйнегінің құны $300-$350 доллор тұрады.
Ең алғашқы нұсқасы 2012 жылы электрондық ойын-сауық көрмесінде қолданылады. Жалпы құрылғы сенсорлық экранның көмегімен жұмыс жасайды. Ғалымдардың пайымдауынша, көзәйнекті киген адам ерекше ғажайып ертегі әлемінде жүргендей сезім кешеді.
Бұл құрылғының бір ерекшелігі, адамның күнделікті шынайы әлемдегі физикалық хәл-ахуалын анықтап, соған байланысты жұмыс жасауды нұсқап отырады.
Фейсбук компаниясы "Oculus Rift" көзәйнегінің - компьютерлік виртуальды әлемнің жаңа бағытқа өзгеруіне және болашақта смартфондарға айырбастауға мүмкіндік беретінін байқап, 2014 жылы 2 млрд қаржылай демеушілік көрсетіп, сатып алады.
Ғажайып әлемге саяxат жасауға мүмкіндік беретін көзәйнек - үй жағдайындағы қарапайым халық үшін өте қымбат. Көбіне мемлекеттік мекемелерде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, ойын сауық кешендерінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар "Oculus Rift" көзілдірігін әлемнің қай елінен болсын таба аламыз. Бұл керемет құрылғы бүгінгі күнде тек ойын-сауықтарда ғана емес, әскери орындарда, машина құрылысында және медицинада жоғары сұранысқа ие.