Bugin

Дәрігерлерге сыбайлас жемқорлық жағдайлары жайлы түсіндірілді

Ең басты пандемия - бұл адам санасындағы дерт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазіргі қоғам – бұл тойымсыз қоғам. Ойымызды жөндемей, елімізді дамыта алмаймыз" деп бастады сөзін ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Ырза Тұрсынзада Алматы қаласының медицина қызметкерлеріне жүгініп.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қаланың ауруханалары мен емханаларының бас дәрігерлерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, бейне-конференц байланыс арқылы өткен іс-шараға 2000-нан астам медицина қызметкерлері қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарын түсіндіру ғана емес, сонымен қатар медициналық персоналдың коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылау болды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері дәрігерлерге кәсібилігі, орасан еңбегі және COVID-19-ға қарсы күреске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

– Пандемия уақытында кәсібилік пен табандылық танытқан дәрігерлерге құрметім ерекше. Қиын-қыстау шақта дәрігерлер қалтарыста қалмай халқына аянбай көмектесті. Халқына қызмет қылуға ерік-жігерін аямады, – деді штаб төрағасы.