Білім және ғылым
Кітапты оқып,оны өмірде жүзеге асыруға арналған 5 кеңес:
1.Кітапты сатып алмас бұрын кітаптың авторына және тақырыбына мән беріңіз. Сізге кәтап тақырыбы қаншалықты жақын болса,оны оқу да қызық әрі жеңіл болады. Егер кітапты оқып, пайдасы тимесе, онда дұрыс оқымай жүргенсіз;
2.Кітапты оқымас бұрын алдыңызға мақсат қойыңыз. «Бұл кітап маған қатты қызық әрі ұнайды, сондай-ақ мен бұл кітапты оқу арқылы өмірімді өзгертемін» деп өз-өзіңізге сенім білдіріңіз;
3.Кітапты бастамай тұрып,миыңызды артық ойлардан арылтып,демалдырып алыңыз.Таза ауаға шығып серуендеп келіңіз,су ішіңіз, жаттығу жасаңыз. Ақпарат сіңімді болу үшін өзіңізді дайындаңыз;
4.Кітапты оқып болған соң «Мен бұл кітаптан қандай пайдалы ақпарат алдым?» деп өзіңізге сұрақ қойып,жауап беріңіз. Жаныңыздағы адамдарға кітаптан алған әсеріңіз жайлы ой бөлісіңіз. Бұл оқыған мәліметті есте сақтауға ықпал етеді;
5.Күніне кем дегенде 30 минут уақытыңызды кітап оқуға арнаңыз. Себебі кітап оқу арқылы адам миындағы сөніп тұрған клеткалар іске қосылып,ойлау қабілетіңіз артады.Кітапты жәй оқып қана қоймай,конспектілеп түртіп жүріңіз.Бұл оқылған мәліметті әлдеқайда жақсы есте сақтауға пайдалы.
Кітап-адам дамуы үшін басты көмекші құрал.Кітап оқу арқылы сөздік қорыңыз артады. Кез-келген ортада қысылмай,өз ойыңызды жан-жақты әрі түсінікті етіп жеткізуді үйренесіз.