Экономика
Жастар арасындағы кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту жобасы
«Халық» қайырымдылық қоры Қазақстанда тұңғыш онлайн «Ozgeris powered by Halyk Fund» атты бизнес- инкубаторды жүзеге асыра бастады. Жоба 15 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған. Мақсаты - жастар арасындағы кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту.
Жоба «Atameken Academy» платформасында жасалып, қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға баулып, алғашқы бизнес- идеяларын жасауға бағыт- бағдар беріп отырады. Әрі ең үздіктерін қаржыландыратын болады.
Бизнес- инкубатор «Ozgeris» өз жұмысын 23 қараша Atameken Academy платформасында бастады. Жобаның алғашқы легіне Қазақстанның әр өңірінен 200- ден аса өтініш қабылданды.
Айта кететіні, Ozgeris жобасы бірнеше лег өткізбекші, екінші легке қабылдау 2021 жылдың ақпан айында басталады және ол жерде 1000- нан аса қатысушылар қабылданады деп жоспарлануда.