COVID-19
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту" туралы қаулысына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
Жаңа қаулы бойынша, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.
Сондай-ақ, енді серіктестік босануға рұқсат беріледі. Ол үшін серіктесінде ПТР әдісі бойынша тапсырылған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек және оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы керек.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден оқыңыз.
Бас санитар дәрігердің қаулысы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енді.