Қоғам

Жұмыста өзіңізді оятуға арналған 5 қадам

Жұмыста әлсіздікті оңай жеңудің жолы көрсетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жылдың соңына қарай аяқтау қажет мәселелер көбейе түседі. Тиісінше адам қарқынды түрде жұмыс жасауға мәжбүр болады. Ал қыстың суық ауа райы адамдарға сергектік емес, ұйқышылдықты алып келеді. Сол себептен Bugin.kz тілшісі белсенділік деңгейін қалай ұзақ сақтап тұруға болатындығымен бөліспек.

 

1. Нақтылап алу

Жұмысқа кіріспес бұрын бүгін қандай іс атқару қажет екендігіңізді нақтылап алыңыз. Өз күшіңізді асыра бағаламаңыз – шектеулі ресурстар мен энергияңыз аз кезде, моральді тұрғыда шаршауыңыз мүмкін. Одан бөлек әлеуметтік желіге кіруді доғара тұрыңыз.  Кішкене сергу үшін кіргеніңізбен,  миыңызда шу эффектісі орнайды. Ескерте кетсек, инстаграмда 10 минут отырдым деп, 1 сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласыз.

 

2. Аздан бастаңыз

Егер де сіздің үлкен және шығармашылықты қажет ететін жұмысты атқаруға күш-жігеріңіз жетпей тұрса, алдымен денеңізді қыздырып алыңыз. Дене қыздыру – ірі іске майда істерді жасап дайындалу. Жұмысқа кірісіп алған соң, әрі қарай маңызды істерді атқара бересіз.

 

3. Көбірек су ішіңіз

Жұмыс үстеліңізге стақанмен немесе бөтелкемен су әкеліп қойыңыз. Мүмкіндік туған сайын кішкене жұтыммен ішіп отырыңыз. Барлығымыз жұмыс кезінде кофе ішуге құмармыз, алайда ол ұйқыны бұзып, ағзамызға кері әсерін беруі мүмкін. Сонымен қатар, жәй ғана суық су қабылдап, жуынып алу – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

 

4. Бөлме ауасын тазартып отырыңыз

Кеңсе ішіндегі атмосфера бас ауруы мен шаршау сезімін тудырады. Сонымен қатар, бөлме ішіндегі ауада көмірқышқыл газы көп болғандықтан, сізге физикалық тұрғыдан да әсер етеді. Қыста күн суық болғандықтан, араға бірнеше сағат салып, 5-10 минут бөлмені желдетіп, тазартып отырсаңыз болады.

 

5. Көз іліп алыңыз

Power nap – күндізгі қысқа уақыт ішіндегі ұйқы. Қазіргі таңда кеңсе қызметкерлері, фрилансерлер мен компания басшыларының арасында қарқынды дамып келе жатқан әдет түрі. Бұл жаттығу көбінесе өзіне еркін жұмыс кестесін қоя алатындарға арналады. Мұндай ұйқы күшті қайта қалпына келтіру үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда ескерте кетейік, power nap-тың ұзақтығы- 30 минут пен 3 сағат аралығы. Одан ұзақ болған жағдайда,  ұйқы тәртібіңіз бұзылады.

Ақбота Нысанбаева