Bugin

Неліктен Дисней?

Дисней студиясынын шыққан туындыларға дүниежүзі өз бағасын берген. Менің таңдауым – Дисней!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дисней студиясының негізін қалаушы - Уолт Дисней. Уолт Диснейдің жұлдызнамасы мерген екен. Ал мергендердің қиял-ғажайып ойлау қабілеті өте жақсы дамыған. Оның мұндай қабілетін  біз мультфилмдерінен-ақ байқай аламыз.

Дисней студиясынан шыққан туындылардың бір ерекшелігі - көрермендерді баурап алады. Сол себептен болуы керек дүниежүзі Дисней мультфилмдерін сүйсіне тамашалайды. Мультфилмдер көбіне шытырман оқиғаға, әрі комедияға толы болып келеді. Тіпті көрермендерге берер тәлім- тәрбиесі мол бұл сапалы туындылардың ,рейтингтері де өте жоғары.

Диснейден шыққан мультфилмдер мен өзге студиядан шыққан туындыларды салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай білінеді. Себебі Дисней мультфилмдеріндегі кейіпкерлердің эмоция, мимикасы өте әсерлі жеткізіледі. Көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлайтын сюжеттер жүйелі түрде байланысқан. Туындыларының  оқиғалар желісі шынайы өмірден алынады.

Дисней студиясының қызметкерлеріне тамаша туындылар үшін алғыс білдіремін.Балалық шағымның бір бөлігіне айналаған бұл туындылар жадымда естеліктер қатарынан орын алады.Маған Дисней студиясының барлық мультфилмдері қатты ұнайды. Сізге қай диснейлік туынды ерекше әсер қалдырды?