Денсаулық

Экраннан шығатын көк жарық неліктен қауіпті?

Гаджет экранынан бөлінетін сәуленің қаупі жайлы айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күнделікті қолданып жүрген гаджеттерімізден шыққан жарық толқыны ағзаңызға үлкен қауіп туғызады, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы. 

Жарық толқыны қысқа болғанымен, оның энергиясы тым жоғары. Қазір барлық смартфон, ноутбуктар көк жарық шығарады. Алайда ол қауіпті болуы мүмкін екен. Бұл жайлы СМ клиникасының офтальмологы Арпине Адамян "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында айтты.

"Гаджеттерден бөлінетін көк жарық немесе HEV сәулесі адам денесіне бірқатар теріс өзгерістер алып келеді. Олар көздің нашар көруіне әсер етіп, фотохимиялық әсер тудырады (бұл қайтымсыз реакция)",- деді дәрігер.

Сонымен қатар, HEV сәулесі терінің ерте қартаюына, беттегі дақтардың көбеюіне алып келеді. Ол ұйқы гармонының түзілуін бұзып, ұйқысыздық тудырады. Көз құрғап, шаршап, көру қабілеті төмендейді. Ал бұл айтылған қауіптің алдын алу үшін арнайы компьютерге қарауға арналған көзілдіріктер де бар. Бірақ ең дұрысы- оларды қолдану аясын азайту, ал ұйықтарға 2-3 сағат қалғанда мүлдем қолданбау.