Саясат

Заңсыз аңшылық: Браконьерлер полицейлердің қоластында жұмыс істеген

Қылмыстық топтың әрекеттері әшкереленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау мен Маңғыстау облысында балық инспекциясы мен полиция қызметкерлерінің қоластында жұмыс істеген қылмыстық топтардың әрекеттері әшкереленді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды.  

Бас прокуратураның заңсыз аңшылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеу мәселесі бойынша ведомствоаралық жиналысқа ауыл шаруашылығы, ішкі істер, қаржы министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның жауапты адамдары қатысты. Бұл жиналыста қызмет борышы бойынша жануарлар әлемін сақтауға міндетті уәкілетті және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыс жасау фактілері де белең алғаны айтылды. 
Табиғат қорғау инспекторларын қорғауды қамтамасыз ету және құқықтық мәртебесін бекіту мәселесі де қозғалды. Осыған орай қарастырылып отырған саладағы ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді. Жиналыстың нәтижесі бойынша браконьерлердің әрекеттерінің жолын кесуге, биорестурстарды заңсыз сатып алуға, тасымалдауға және оның  экспортына жол бермеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. Соңғы жылдары елімізде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға заңсыз аңшылық  жасау оқиғалары жиілеп кеткені атап өтілді. 
3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал мөлшері - 3,6 миллиард теңге. Киіктерді ату фактілерінің саны өсіп жатыр. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған. Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда. Бұған Қарағанды облысындағы "Охотзоопром" РМК инспекторының қаза болуына байланысты оқиға дәлел. Осыған ұқсас оқиғалар бекіре тұқымдас балықтарды аулауға байланысты да орын алып отыр. 2018 жылы заңсыз айналымнан 8 мың келіге жуық бекіре алынды, алайда көбісі көлеңкеде қалып отыр. Кеңесте құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының әрекеттері тиімсіз екені және заңсыз аң аулауға қарсы күресте кешенді шаралар әзірлеуді талап ететіні атап өтілді.